Биыл Қазақстанның ұлттық валютасы теңгеге 30 жыл толды. Осы айтулы оқиғаға орай Нархоз университетінің Құқық және мемлекеттік басқару мектебі, Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві және Алматы мұражайымен бірлесе отырып, "Ұлттық валюта – Тәуелсіздік тұғыры" көрмесін ұйымдастырды.
Көрмеге ұлттық валюта айналымға енгелі бері шығарылған 60-тан астам бірегей қазақ монеталары мен банкноттары қойылды.
"Нархоз университетінің 60 жылдығын тойлай отырып, біз білім беру және мәдени бастамаларымыздың маңыздылығын мойындаймыз. "Ұлттық валюта – Тәуелсіздік тұғыры" көрмесі біздің еліміздің айтулы оқиғалары туралы білімді таратуға деген ұмтылысты көрсетіп қана қоймайды, сонымен қатар теңгенің тарихын терең түсінудің маңыздылығын, ұлтымыздың даму контекстінде бұл іс-шара білімнің ұлттық бірегейлікті қалыптастыруға және Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға қалай ықпал ететінін айқын дәлелдеді. Бұл айтулы іс-шараның дәл біздің қаржы жүйеміздің іргетасын қалаған экономикалық кадрлардың ұстаханасы Нархозда өтіп жатқанын атап өтуге болады", - деді Нархоз университетінің президенті Мирас Дәуленов.
Көрме аясында Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің өкілдері Жәмила Әбдуқадырова мен Бөлеген Қасенов қонақтық дәріс өткізіп, онда Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігі үшін теңгенің маңыздылығын ашты.
"Алматы халық шаруашылығы институты ретінде өз жолын бастаған Нархоз университеті Қазақстан экономикасы үшін білікті мамандарды даярлауға елеулі үлес қосып, айтулы оқу орнына айналды. Қазақстан Республикасының жоғары кәсіптік білім беру жүйесіндегі іргелі университеттердің бірі. 1963 жылдан бері Қазақстан халық шаруашылығына кадрларға аса қажеттілік туындаған кездегі өзінің бай тарихын көрсете отырып, университет өзінің дәстүрін жалғастырып, білім беруде жоғары стандарттарды сақтауда", - деп атап өтті Қазақстан Республикасы Президентінің Архиві директорының орынбасары Жәмиля Абдуқадырова.
Осыдан 30 жыл бұрын Қазақстан өзінің ұлттық валютасы теңгені енгізу арқылы өзінің экономикалық тәуелсіздігін нығайтуға елеулі қадам жасады. Алғашқы теңгелік банкноттар дүниежүзіндегі бағалы қағаздар өндірушілерінің бірі ретінде танымал Ұлыбританиядағы Harrison & Sons зауытында шығарылды. Бұл енді ғана егемендік алған жас тәуелсіз мемлекет тарихындағы маңызды кезең болды. 1994 жылы ынтымақтастық тағы бір танымал банкнот өндіруші - De La Rue компаниясымен басталды. 1995 жылы Қазақстан De La Rue компаниясымен бірлесе отырып, 83 миллионнан астам банкнот шығаратын жеке банкнот өндіру желісін іске қосты, бұл елдің ұлттық қаржы жүйесінің дамуындағы маңызды қадам болды.
"Ұлттық валютамыз теңгеге арналған көрме Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің бастамасымен ұйымдастырылды. Бұл оқиға мемлекетіміздің өткен тарихи жолына құрмет көрсету ғана емес, сонымен қатар айтулы оқиға: 30 Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі мен егемендігінің нышаны ретінде ұлттық валютаның енгізілген жылдары. Еліміздің мемлекеттілігі мен тәуелсіздігін нығайтуға үлкен әсер еткен ұлттық валютаны енгізу туралы шешімнің тарихи рөлін болашақ заңгерлерге, мемлекеттік басқарушылар мен халықаралық қатынастар саласындағы мамандарға көрсету және түсіндіру біз үшін маңызды болды. Көрме мен қонақтық лекция жастарды әлеуметтік-патриоттық тәрбиелеуге және мемлекет рәміздерін құрметтеуге бағытталды", - дейді Құқық және мемлекеттік басқару мектебінің директоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сәрсенбаев.
"Ұлттық валюта – Тәуелсіздік тұғыры" көрмесі теңге тарихын зерделеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, Қазақстанның тарихы мен мәдени мұрасына деген құрметтің айғағы болып, білім беру және мәдениет саласындағы Нархоздың маңызды рөлін атап өтті.
2007 жылдан бастап Нархоз университетін жүйелі түрлендіруді "Верный Капитал" компаниялар тобы жүзеге асырып, академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының бір бөлігі. Университет коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына инвестицияланады.
Жарнама материал
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!