Нархоз университеті мен ForteBank Executive MBA бағдарламасын іске қосты

Нархоз университеті ForteBank басшылары үшін арнайы әзірленген Executive MBA корпоративтік оқыту бағдарламасын іске қосты. Бұл туралы келісімге ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов пен Нархоз университетінің провосты Ерлан Шуланов қолын қойды.

Бекжан Пірматов

"Осыдан 20 жыл бұрын оқыған университетіме қайта оралғаныма қуаныштымын. Бүгінде бұл заманауи университет болып есептеледі, сондықтан ынтымақтастығымыз екі жаққа да тиімді. Forte әлеуметтік осал отбасылардан шыққан студенттерге гранттар береді, ал Нархоз  ForteBank басшылары үшін арнайы оқыту бағдарламасын жасады. Бұл бағдарлама банк қызметкерлерінің кәсіби білімін арттыруға арналған және ол менің барлық әріптестеріме пайдалы болады деп есептеймін", - деді ForteBank басқарма төрағасы Бекжан Пірматов.

Оқу бағдарламасы ForteBank басшыларына Нархоз университетінің іскерлік тәжірибе оқытушыларының бірегей тәжірибесі арқылы білім алу мүмкіндігін ұсынады.

Бағдарламаның оқытушылары бизнесте үлкен тәжірибесі бар практиктер - University of Warwick, California State University және Western Illinois University сияқты жетекші әлемдік университеттердің түлектері.

Executive MBA бағдарламасы арқылы басшылар өздерінің басқару дағдыларын жетілдіреді және жұмыс процестерін жақсарту үшін жаңа перспективаларды дамытады. Бұл компанияларға жауапты және тұрақты ұйым болып қалуға көмектеседі.

Бағдарламаның тағы бір артықшылығы – компания өз қызметкерлеріне өзін-өзі дамытуға және команда құруға жағдай жасайды. Нәтижесінде бизнес мәселелерін шешу кезінде бір-бірімен тез және тиімді әрекеттесе алатын пікірлес адамдар командасы пайда болады.

Нархоз университетінің провосты Ерлан Шуланов өз сөзінде университетте жүзеге асырылып жатқан бағдарламаларға ұқсас бағдарлама түлектерінің табысты мансаптық траекторияларына тоқталып, студенттерге өз тілегін білдірді.

Ерлан Шуланов

"Financial Times статистикасына сәйкес, мұндай бағдарламалардың 10 түлектерінің 9-ы 3 жыл ішінде айтарлықтай мансаптық өсуге қол жеткізеді. Ал MBA түлектерінің 12-15 пайызы ақыр соңында нарықта жетекші орындарды иеленеді. Сіздердің осы нәтижелерге қол жеткізулеріңізге тілектеспін", - деді Ерлан Шуланов.

Фото Нархоз университеті баспасөз қызметінің архивінен

"Басшылығымызды Нархоз университетінде MBA бағдарламасы бойынша оқуға мүмкіндік бергені үшін алғыс айтқым келеді. Әрқашан осы университетте білім алғым келді. Үміт пен мотивация жоғары, сондықтан оқудың басталғанын асыға күтемін. Нәтижелі оқу жылы болады деп сенемін", - деді Тараз қаласындағы ForteBank филиалының директоры Ғалымжан Доланбеков.

2022 жылы Нархоз университетінің негізгі кампусының ауқымды реконструкциясы аяқталды, сонымен бірге университет FIBAA еуропалық агенттігінің аккредитациясын алды. Бұл оның дипломдарының Еуропалық жоғары білім аймағында танылуын қамтамасыз етеді. Биыл Нархоз QS World University Rankings 2024 тізіміне енді, ал білім сапасы, инклюзивті орта, жұмысқа орналасу және түлектердің мансаптық мүмкіндіктері үшін  Нархоз QS рейтингтік агенттігінен ең жоғары "5 жұлдыз" алды.

Нархоз сонымен қатар QS WorldUniversity Rankings: Sustainability 2024 рейтингінде менеджмент сапасы бойынша әлемдік университеттердің 25 пайызының қатарына енді және "Қоршаған ортаны қорғау саласындағы тұрақты даму" (413 орын), "Тең жағдай құру" көрсеткіштері бойынша жоғары орындарға ие болды" (770-орын).

Нархоз университеті

2007 жылдан бастап Нархоз университетін жүйелі түрлендіруді "Верный Капитал" компаниялар тобы жүзеге асырып, академиялық сапаны жақсартуға және инфрақұрылымды жаңартуға ерекше көңіл бөліп келеді. Бұл топтың әлеуметтік инвестициялар бағдарламасының бір бөлігі. Университет коммерциялық емес ұйым болып табылады, оның қызметінен түскен барлық пайда университеттің одан әрі дамуына инвестицияланады.

Executive MBA бағдарламасы туралы қосымша ақпаратты төмендегі байланыстар арқылы біле аласыз:

Gsb@narxoz.kz

8 (707)106-11-51

8 (776) 708-36-36

Жарнама материал

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз