- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нанды неліктен мұздатқышта...
Нанды неліктен мұздатқышта сақтаған дұрыс? Маман түсіндірді
Нанды мұздатқышта сақтау өнімнің гликемиялық индексіне әсер етеді. Бұл туралы диетолог Елена Соломатина айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "health.mail.ru" сілтеме жасап.
Сарапшының айтуынша, нан салқындаған кезде құрамындағы крахмал төзімді болады, бұл қандағы глюкоза деңгейін аса жоғарылатпайды, сондықтан артығымен май жиналмайды. Маман еріген нанның баяу қорытылатынын және ішек микробиотасын қоректендіретінін жеткізді.
Диетолог нанды табиғи материалдардан жасалған жабық контейнерлерде сақтауды ұсынды.
"Нанды пакетте немесе ағаш нан салғышта сақтамаған дұрыс, әйтпесе жоғары ылғалдылыққа байланысты өнімде патогендік микрофлора, бактериялар мен саңырауқұлақтар тез дамиды", - деді дәрігер.
Сонымен қатар, дәрігер ақ нанды дайындау процесінде оның маңызды қоректік заттардан айырылатынын айтты. Яғни өнімнің гликемиялық индексі жоғарылайды, ол денсаулыққа зиян тигізеді, ақ нан крахмалы тез сіңетін глюкозаға тез ыдырайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Меңді жұлып алса, не болады?
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә