"Нан, еңбек, энергияны үнемдеу күні". Қазақстандағы жаңа мерекелер тізімі жарияланды

"Нан, еңбек, энергияны үнемдеу күні". Қазақстандағы жаңа мерекелер тізімі жарияланды
Фото: Тұрар Қазанғапов

Үкімет 2023 жылғы 27 шілдедегі Қаулысымен жаңа редакцияда" мереке күндерінің тізбесін" бекітті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жаңа тізімде 19 мереке бар. Оның ішінде: 

  • 15 ақпан - Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін Ауғанстан Демократиялық Республикасынан шығару күні
  • 1 наурыз - Алғыс айту күні
  • Мамырдың екінші жексенбісі - Аналар күні
  • 31 мамыр - Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні
  • 4 маусым - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні
  • Маусымның үшінші жексенбісі - Әкелер күні
  • Шілденің бірінші жексенбісі - Домбыра күні
  • 10 тамыз - Абай күні
  • Тамыздың үшінші жексенбісі - Спорт күні 
  • 29 тамыз - Семей ядролық сынақ полигонының жабылу күні
  • 1қыркүйек - Білім күні
  • 5 қыркүйек - Қазақстан халқының Тілдері күні
  • Қыркүйектің екінші жексенбісі - Отбасы күні
  • Қыркүйектің соңғы жексенбісі - Еңбек күні
  • 1 қазан - Қарттар күні
  • 16 қазан - Нан күні
  • 11 қараша - Энергияны үнемдеу күні
  • 15 қараша - Ұлттық валюта - теңге күні
  • 1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні.  

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина