- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Намыстан өртендім". Анасының...
"Намыстан өртендім". Анасының құшағына секірген бала Қазнетті тебірентті
Жарыста жеңіліс тапқан баланың көңіл күйі халықтың жанын тебірентті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видео әнші Әділет Жауғашар TikTok-парақшасында пайда болды. Әлеуметтік желіде видео 807 мың қаралым, 61 мың лайк жинаған.
Видеода грек-рим күресінен Қырғызстан мемлекеті Ош қаласы әкім кубогы өтіп жатқанын байқауға болады. Жарыс жолында жеңіліс тапқан бала намыстан жарылып анасына бет алады. "Балам мен үшін чемпион", - деген ана баланы құшағына қысып жұбатады.
@a.zhaugashar Мамау ❤️?️#beu #?️❤️ #AdiletZhaugashar #?️ #BeU #? #beu ♬ оригинальный звук - Әділет Жауғашар??
Желі қолданушылары жас спортшыны жұбатып, пікір қалдырған.
"Жігіттер қанша мықты болса да, анасының алдында сәби", "Жаным, намысының өзінің" , "Алар асуың көп болсын, нағыз намысшыл азамат", "Жасымыз қаншаға келсе де, анамыздың алдына осылай келеміз ғой", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы