- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Намаздан кейін бас...
Намаздан кейін бас мүфтиге шабуыл жасаған адам ұсталды
Тәжікстанның Мұсылман діни қызметкерлер кеңесінің төрағасы Саидмукаррам Абдукодирзодаға шабуыл жасаған адам ұсталып, үстінен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы Тәжікстан Республикасы ІІМ хабарлады.
"Бүгін сағат 17:20-да Душанбе қаласының орталық мешітіндегі намаз аяқталғаннан кейін бір азамат Тәжікстан Республикасы Үлемінің төрағасы Саидмукаррам Абдулкодирзоданың денесіне сұғу-кесу затымен соққы беріп, тәртіп бұзды", - делінген ресми хабарламада.
Шабуыл салдарынан дінбасыға жеңіл дене жарақаты келтірілген. Дәрігерлер оған оқиға орнында қажетті көмек көрсетті, содан кейін ол үйіне жеткізілді.
Соққы жасаған азаматты ішкі істер органдарының қызметкерлері қолға түсірген. Шабуыл фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, алдын ала тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Д. Ибраева