- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нақты қадамдарды асыға...
Нақты қадамдарды асыға күтеміз - Блинкен Қазақстандағы реформалар туралы
АҚШ Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мемлекеттер Қазақстанда жарияланған реформаларды толығымен қолдайтынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"АҚШ пен Қазақстан арасындағы серіктестік дамып жатыр. АҚШ - Қазақстанның тәуелсіздігін мойындаған алғашқы ел. Біз бұл ұстанымда қала береміз. Мен Қазақстан басқа елдер сияқты өз болашағын өзі анықтай алатынын айттым. Сонымен бірге АҚШ Қазақстан жариялаған реформалар бағдарламасын қолдайтынын айтқым келеді. Біз нақты қадамдарды асыға күтеміз", - деді Блинкен Астанадағы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингіде.
Еске салайық, Энтони Блинкен Астанаға ресми сапармен бүгін түнде келді.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкенді қабылдады.
Ал АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, АҚШ президентінің сәлемін жеткізді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан