Шымкент қаласының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында бала асырап алған өңір тұрғынына қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Сот-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес сотталушы созылмалы психикалық аурумен ауыратыны және бұған дейінгі әрекеті кезде есі дұрыс емес күйде болғаны анықталды. Бұл жағдайда ол заң бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды.
Қылмыстық кодекстің 16-бабына сәйкес сот оны мамандандырылған типтегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын тағайындау арқылы қылмыстық жауапкершіліктен босатты.
Сонымен қатар, сот Оқу-ағарту министрлігіне, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармаларына жеке қаулылар шығарды.
Еске салайық, бұған дейін Шымкентте асырап алған ата-анасы балаларды аяусыз қорлағаны хабарланды.
"Тәуіпкершілігі бар" – Шымкентте асырап алған балаларын аяусыз қорлаған отбасының көршілері
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!