- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Нәжісін жағып, жасыл...
"Нәжісін жағып, жасыл дәрі құйған". Бұрынғы әйелін қорлаған екібастұздық тұрғын 5 тәулікке қамалды
Бұрынғы әйелін қорлаған екібастұздық тұрғын 5 тәулікке қамалды, - деп хабарлайды Polisia.kz.
29 қаңтарда Екібастұз полициясына әйел адам көмекке жүгінген. Полиция 22 қаңтарда 47 жастағы тұрғын бұрынғы жұбайына жанжал шығарғанын анықтады. Тәртіп сақшылары қорғау ұйғарымын шығарды.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 29 қаңтарда 47 жастағы ер адам сауда үйлерінің бірінде бұрынғы жұбайына нәжісін жағып, жасыл дәрі құйып жіберген және оған балағат сөздер айтқан.
Осылайша, қорғау ұйғарымын бұзған.
Айта кетейік, ер адам деструктив ағымның, яғни салафизмнің жақтаушысы.
"Ұсақ бұзақылық және қорғау нұсқамасын бұзғаны үшін ер адам ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434 және 461-баптары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Материал сотқа жіберілді, оның шешімімен ер адам 5 тәулікке қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек