Өзіңіздің немесе серігіңіздің сезіміне күмәндану қарым-қатынаста кикілжің пайда болуына әкеледі. Бұл жағымсыз сезім қарым-қатынастың басында да, бірге көп жыл өмір сүргеннен кейін де пайда болуы мүмкін. Кейде басқалардікі түгіл өз сезімдеріңізді түсіне алмауыңыз мүмкін.
Алабама Университетінің (АҚШ) психологтары адамдардың махаббатты қалай сезінетінін білу үшін 1400 қатысушыға зерттеу жүргізген. Нәтижесінде, қарым-қатынасыңызда махаббат бар екенін түсінуге көмектесетін үш негізгі белгіні анықтаған. Psychology Today порталының жазуынша, олар отбасылық, романтикалық және достық қарым-қатынас үшін ортақ болған.
1. Позитивті ықылас
Адам сізді бағалайды, сіздің қажеттіліктеріңізге мұқият және сізге қамқор. Ол сондай-ақ сізге деген құштарлығын көрсетеді, сізді қолдайды және әрқашан сіздің өзін-өзі бағалауыңызды көтеруге тырысады.
2. Жан жақындығы
Бір-біріңізбен сөйлескенде барынша ашық болуға тырысасыздар, әлсіз тұстарыңызды көрсетуден қорықпайсыздар, шынайылық танытасыздар. Бірге уақыт өткізуді қалайсыздар, бір-біріңіздің тәжірибеңізбен, сезімдеріңізбен және ойларыңызбен бөлісесіздер. Қандай да бір "химияға" ұқсайтын ішкі үйлесімділікті сезесіздер.
3. Тұрақтылық
Қарым-қатынаста белгісіздіктің болуы күмән тудыруы керек. Нағыз сезім сізге сенімділік пен қауіпсіздік сезімін сыйлауы керек. Егер адамдар бір-бірін сөзсіз қабылдауға дайын болса және бір-біріне сенсе, тұрақтылық жайлы айтуға болады.
Десе де, нағыз махаббаттың жалпыға бірдей нақты анықтамасы жоқ. Әркім махаббатты әрқалай қабылдайды. Бастысы, махаббатты тәуелділікпен шатастырмау керек.
Оқи отырыңыз: Ер адамға тәуелді екеніңізді көрсететін 6 белгі