- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Нағыз коллапс: Германияда...
Нағыз коллапс: Германияда жаппай наразылық салдарынан жүздеген рейс кейінге қалдырылды
Германияда жаппай наразылық салдарынан жүздеген әуерейсі кейінге қалдырылды. Әуежайда нағыз коллапс басталған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, Гамбург пен Берлин әуе айлағында 300-ден аса рейс кейінге қалдырылған. Әуежай қызметкерлері жұмыс істеуден бас тартып, наразылыққа шыққан.
Кәсіподақтағылар жалақысын 10 пайыздан аса көтеруді талап еткен. Ал жұмыс берушілер әзірге екі есе аз жалақы ұсынып отыр екен. Әзірге екі тарап келісімге келе алмай отыр.
Берлиннің әуежайында 200, ал Гамбургте 100 рейс кейінге қалдырылған. Одан бөлек, наразылық акциясы Ганновер мен Бременде өтіп жатыр.
Телеарна мәліметінше, бұл қызметкерлердің алғаш рет наразылыққа шығуы емес. Әуежай қызметкерлері қыста да өз құқығын қорғаған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина