БАҚ мәліметтері бойынша қазақстандық үш туристі қосқанда 41 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Cairo24-ға сілтеме жасап.
Мысырлық БАҚ-тар Египеттегі Рас-Сидр қаласының маңында туристік автобус апаты болғанын хабарлады. Бұл туралы хабарлама Синай қауіпсіздік басқармасының құтқару бөліміне келіп түсті және жедел жәрдем көліктері дереу оқиға орнына жіберілді.
ЖКО салдарынан 41 адам зардап шекті, оның ішінде Ресей мен Украинадан 31 турист, үш қазақстандық, үш Әзербайжан және төрт мысырлық. Зардап шеккендер ауруханаға жатқызылды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!