- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мысық сатып алмақ...
Мысық сатып алмақ болған семейлік әйел күтпеген жайтқа тап болды
Фото:
pixabay.com
Семей тұрғыны үшін үй жануарын сатып алу талпынысы күтпеген жағдайға айналды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
10 қазанда полицияға 51 жастағы әйел хабарласып, 17 жастағы қызын интернет арқылы алдап кеткенін мәлімдеді.
Бейтаныс адам OLX платформасында екі шотланд мысығын сатамын деп алдап, қыздан 34 000 теңгені алып кеткен.
Абай облысы полиция департаментінің Киберпол тобының қызметкерлері алаяқты тез арада анықтады. Қыздың ақшасы толық қайтарылып, жас жігіт жауапқа тартылды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан