- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мыңның бірінде ғана...
"Мыңның бірінде ғана кездеседі". Павлодарда ерекше бала өмірге келді
Павлодарда тік ішегі бітеу бала туды. Дәрігерлердің айтуынша, мұндай жағдай мыңның бірінде ғана кездеседі, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Телеарна мәліметінше, дәрігерлер балаға күрделі операция жасап, тік ішегін қалпына келтірген. Сәби туғанда өңеші мен асқазаны да бір-біріне байланыспаған. Оған да операция жасалып, өңеш пен асқазан арқылы тік ішекке баратын жолды ашқан.
Бұл медицинада "өңеш атрезиясы" деп аталады екен. Павлодар облысында былтыр осындай 5 жағдай тіркелген. Дәрігерлердің сөзінше, бұл ауруды сәби туғаннан кейін 36 сағат өтпей операция жасаса ғана баланың өмірін сақтап қалуға мүмкіндік бар.
"Бала операциядан кейін жансақтау бөлімінде болды. Жансақтауда жатқаннан кейін баланы бөлімшеге ауыстырып, анасына бердік. Анасы омырау емізіп, бақыладық. Соңына дейін емдедік. Сондықтан баланы амбулаторлық емдеуге жібердік. Бақылап жатырмыз", - дейді облыстық балалар ауруханасының дәрігері Жандос Мусин.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина