Сенат депутаттары "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заңды қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Заң Парламент депутаттарының бастамасымен қабылданды. Құжат 2025 жылғы сәуірде жария етілген Президенттің тапсырмасы негізінде әзірленген.
Сонымен қатар, мынадай адамдарға рақымшылық жасалмайды: сыбайлас жемқорлық, терроризм, экстремизм, кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық және басқа да бірқатар ауыр қылмыс жасағандар.
Заң Мемлекет басшысы қол қойғаннан кейін күшіне енеді.
Еске салайық, бұған дейін Мәжіліс жаңа заң жобалары бойынша жұмысты бастағаны хабарланды. Оның ішінде Конституцияның отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң жобасы да бар еді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз