- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мынаны қалай киесің?"...
"Мынаны қалай киесің?" Жетісу облысында мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды
Жетісу облысы Білім басқармасы өкілі қызына бірнеше есе үлкен киім берілгеніне шағымданған ата-ананың жағдайына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ведомство мәліметінше, оқушы Кербұлақ ауданы Нұрым ауылында оқиды. Ол алғашында әкімдіктен әлеуметтік көмек алушылар тізіміне енбеген. Кейін анасының өтініші бойынша мектепке керек-жарағын алған.
"Қыздың мектеп формасы ауыстырылды. Ал керек-жарақтарды беру кезінде қателік жіберген мектеп директорына қатаң сөгіс жарияланды", - деді Білім басқармасы өкілдері.
Ал кішкентай қыздың анасы шағымына бірден жауап берген шенеуніктерге алғысын білдірді.
Еске салайық, бұған дейін әлеуметтік желілерде Жетісу облысы Кербұлақ ауданы тұрғынының видеоүндеуі жарияланған еді. Ол видеода кішкентай қызына жергілікті әкімдіктен берілген формаға шағымданған болатын.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова