Әлеуметтік желіде Шымбұлақта кезекте тұрған адамдардың видеосы тарады. Кадрларда адам тым көп жиналғаны көрінеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желі қолданушыларының басым көпшілігі бұл көріністен кейін Шымбұлаққа баруға айнып қалған.
"Бармай-ақ қойдым Шымбұлаққа", "Қарды ерітіп тастайтын болдыңдар ғой", "Сұмдық", "Қашан адам аз болады", "Бәрін болдық, енді Шымбұлаққа жеттік", "Баруға айнып қалдым", "Мынадан кейін Шымбұлаққа барғым келмей қалды", "Неге сонша адам көп", "Жаяулар абайла", - дейді олар.
@qorapta666 Пока комби 1 не октроют будем выживать вот так ? #рек #shymbulak #funny #almaty ♬ оригинальный звук - Данчо
Шымбұлақ тау курортының баспасөз қызметі мәліметінше, әлеуметтік желіде тарап кеткен видео халық көп келетін уақытта, яғни осы демалыс күні, 9 желтоқсанда кешкі сеанс кезінде түсірілген.
"Курорт қарашада қысқы маусымның дәстүрлі ашылуына орай тұрақты жылы ауа райына байланысты қарлы жүйенің көмегімен пайдалануға дайын жолдардың тек 1/3 бөлігін іске қосады. Ал бұл қарбалас пен аспалы жолдарда кезек пайда болуына әкеп соғады", - делінген курорттың баспасөз қызметінің Massaget.kz-ке берген жауабында.
Сондай-ақ, курорт өкілдері жыл сайын келушілер саны бойынша өсім тіркеліп отыратынын (шамамен 27 пайыз), бұл да қонақтар саны артуына әсер ететінін мәлімдеді.
Шымбұлақ тау курортының баспасөз қызметі халық көп жиналуына тағы қандай себептер әсер еткенін түсіндірді.
"Курорт баға саясатын ұстап тұрады. Халықтың осал топтарына (балалар/ студенттер/ зейнеткерлер) жеңілдіктер беріледі. Бұл тұтынушылардың жоғары сұранысына әсер етеді. Сонымен қатар, кешкі сеансқа көбіне студенттер келеді. Конькимен сырғанауға арналған шектеулі трассалар, төмендетілген тариф те аспалы жолдардағы халық көп жиналуына әсер етеді. Техникалық ашылуға байланысты курорт іске қосылып, барлық қонаққа 30 пайыз жеңілдік берілді, бұл да қонақтардың сұранысының артуына әсер етті", - делінген курорттың баспасөз қызметінің Massaget.kz-ке берген жауабында.
Қазір курорт осы мәселелерді шешу үшін жергілікті атқарушы органдармен Шымбұлақты дамытуда трассалар мен жаңа аспалы жолдар салу жұмыстарын пысықтап жатыр екен.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз