- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мына тағамдарды күн...
Мына тағамдарды күн ыстықта жеу өте қауіпті
Фото:
Freepik.com
Күн ыстықта сүт өнімдерін, кремі бар кондитерлік өнімдерді және жұмыртқаны тұтыну қауіпті. Бұл туралы жұқпалы аурулар дәрігері Владимир Неронов ескертті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Риамоға" сілтеме жасап.
"Бұл тағамдар өте тез бұзылады, яғни тамақтан улану қаупі өте жоғары. Тамақтанар алдында қолыңызды жуыңыз және көп пісірмеңіз, тағамды бір күнге ғана дайындаған дұрыс", - деді Владимир Неронов.
Ол сондай-ақ, азық-түлік сатып алу кезінде жарамдылық мерзімін тексерудің маңыздылығын еске салды. Сонымен қатар, оның айтуынша, тексерілмеген көздерден су ішуге болмайды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Бастыққа қандай гүл сыйлаған дұрыс?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
Б. Жұмаділлә