Адалдық – өмір бойы өзіңізде дамыту керек қасиет. Кейде адал болу қиын болуы мүмкін. Сондықтан адамдар өтірік айтады. Мұндай сәтте олар осы минуттық әлсіздік қандай салдарларға әкелуі мүмкін екенін ұмытады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айналадағыларға зиян тигізу
Барлық адам қателеседі. Бірақ әдейі өтірік айту басқаларға көп зиянын тигізуі мүмкін. Сіздің адал болмауыңыз басқа адамның жанын терең жаралауы мүмкін. Оған жарасының жазылуына көп уақыт кетуі мүмкін. Сондай-ақ сезімтал адам жақын адамының өтірік айтқанын білсе, ол басқа адамдарға да сенімін жоғалтып алуы мүмкін. Мұндай адамның өмірі қиындап, ол басқаларға ашыла алмай, тұйық болып кетуі мүмкін.
Сенімнің жоғалуы
Өтірік айтудың тағы бір салдары – айналадағылардың сенімінің жоғалуы. Біреу сіздің оған өтірік айтқаныңызды білсе, ол сізге ендігі сене алмауы мүмкін. Әсіресе, эмоционалды жақын адамдарыңызға өтірік айту жағымсыз салдарларға әкеледі. Серігіңіз немесе құрбыңыз өтірік айтқаныңызды білсе, бұл араларыңыздағы сенімділікті бұзады.
Мазасыз болу
Айналадағылардан шындықты жасыру оңай емес. Соның салдарынан күйзеліс дамуы және мазасыздық сезімі пайда болуы мүмкін. Өтірігіңіз шығып қалмас үшін әркез аңдап сөйлеу керек болады. "Мен жақсы болсын деп өтірік айттым" деп өзіңізді жұбатуыңыз мүмкін, бірақ бұл мазасыздықтан арылтпайды.
Проблемаларды шешудің қиындауы
Өтірік айту әдеті проблемаларды шешуді қиындатады. Себебі өтірік жағдайды қалай бар солай көруге кедергі келтіреді. Оған қоса, сіздің өтірік айтатыныңызға үйренген адамдар сіздің проблемаларыңызға назар аудармауы және сізге көмектескісі келмеуі мүмкін. Оларға сіз жағдайды өтірік қиындатып жатырғандай көрінесіз. Сондай-ақ қандай да бір мәселеде дұрыс шешім немесе көмек ұсынсаңыз, басқалар сіздің ниетіңіздің дұрыс екеніне сене алмай, қандай да бір құйтырқылық іздеп тұрады.
Абыройыңызға зиян келу
Әділетсіз әрекеттер назарсыз қалмайды. Өтірікті ұзақ уақыт бойы жасыруға болады, бірақ ерте ме кеш пе ол жайлы бәрі білетін болады. Сол кезде өтірік айтқан адамның абыройына нұқсан келеді.
Өтіріктің жалғасуы
Бір қарағанда еш зияны жоқ секілді көрінетін өтіріктің өзі артынан тоқтаусыз өтірік айтуды талап етуі мүмкін. Себебі адам өтірік айтқан кезде бірінші өтірікті жасыру үшін тағы өтірік бірдеңе ойлап табу қажет болады. Бұл процесс қаншалықты созылса, оны бақылау соншалықты қиындап кетеді. Бұл өміріңізді қиындатып жібереді.
Оқи отырыңыз: Өтірік айтатын адам қандай сөздерді жиі айтатыны анықталды