- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мына қысқы әдеттер...
Мына қысқы әдеттер көктемге дейін арықтауға көмектеседі
Әдетте біз қыста артық салмақ қосып аламыз. Себебі суық күндері далада ұзақ жүргіміз келмейді, аяз бен күн жарығының қысқа болуы калориялы тамақ жеуге итермелейді. Көктемге дейін арықтау үшін не істеу керек? Эндокринолог Диляра Лебедева телеграм-каналында бірнеше пайдалы кеңес берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бірінші кеңес – ауа райына сай киініңіз. Қыста күзгі пальтомен жүру дене пішініңізге еш әсер етпейді деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ жылуды көп жоғалту біздің денемізді көбірек тамақ сұрауға мәжбүрлейді. Себебі ол жоғалған энергияның орнын толтырғысы келеді. Сондай-ақ денені ғана емес, аяқ, бас және қолды жылы ұстау маңызды.
Екінші кеңес – екі адам үшін тамақ ішпеңіз. Күнде майонез қосылған оливье салатын қуырылған майлы картоппен жесеңіз, артық килограмдар көп күттірмейді. Суық мерзімде маусымдық көкөністерді көбірек жеуге тырысыңыз: қызылша, сәбіз, мандарин және т.б.
Үшінші кеңес – ұйқыны реттеңіз. Жүйелі түрде ұйқының қанбауы артық тамақтануды ынталандырады. Сондықтан 7-8 сағттан аз ұйықтамаңыз.
Төртінші кеңес – өміріңізге физикалық белсенділікті көбірек қосуға тырысыңыз. Демалыс күндерді диван мен тоңазытқыш ортасында өткізу – нашар идея. Балаларыңызбен коньки тебуге барыңыз немесе күнде далада серуендеуді әдетке айналдырыңыз. Егер бассейнге немесе фитнес-орталыққа жазылсаңыз, тіпті жақсы.
Оқи отырыңыз: Төсекте жатып жасауға болатын, арықтауға көмектесетін жаттығулар
А. Жапатова