- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мына кісі де...
"Мына кісі де бір аузын жаппады ғой" деп ойладым". Абай Бегейдің жұбайы әншімен алғаш таныстығы жайлы
Танымал әнші Абай Бегейдің жұбайы Фариза Жұманова әншіні алғаш көрген кезінде қандай әсер алғанын айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Фариза Жұманова Instagram желісіндегі парақшасында оқырмандарының сұрақтарына жауап берген. Желі қолданушыларының бірі оған "Абайды бірінші рет көргенде қандай әсерде болдыңыз?" деп сұрақ қойған. Өнер иесінің әйелі әншінің тым көп сөйлегенін ұнатпағанын жасырмады.
"Ой қыздар, қызық болды ол! "Мына кісі де бір аузын жаппады ғой" деп ойладым. Мен көліктің артында, ол кісі алдында біреуге қоңырау соғып, ұрысып жатыр екен. Мен ұшаққа мінсем ауырып қаламын, бірден қан қысымым түседі, түрім быт-шыт болып, соған жаман жақтырмай отырдым", - деп жауап берген ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Некелескенімізге 7 жыл". Абай Бегейдің жұбайы ерекше суреттерін жариялағаны хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кіндіктес деген кім?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Б. Жұмаділлә