Мына жұлдызнама белгілерінің өмірінде "ақ" жолақ басталады

Астрологтар өмірінде өзгерістер басталатын 4 жұлдызнама белгісін атады. Олар өмірінің әр сәтінде қуанады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Unian"-ға сілтеме жасап.

Торпақ

Торпақтар денсаулықтарына аса мән беру керек. Дәрумендер ішіңіз, пайдалы тамақтар жеңіз және суды көп ішіңіз. Спортпен айналысу артық болмайды. Сіз ішкі әлеміңізді сауықтырып, денеңізді тонусқа келтіріп, арықтауыңыз мүмкін. Физикалық жүктемелер сізді мұңды ойлардан арылтады. Адамдармен араласу сізге ләззат сыйлайды. Ақпанда тағдырыңызды жолықтыруыңыз мүмкін.

Бикеш 

Бикештер, әріптестерімен қарым-қатынаста ашық болуға тырысыңыз. Әріптестеріңізбен бірге көптен бері сізге маза бермей жүрген қиын жағдайдан шыға аласыз. Еңбек етуіңізге қолайлы шарт жасау жайлы ойланыңыз. 

Тоқты

Тоқтылардың өмірінде керемет кезең басталмақ. Бұл кезең махаббатқа, қамқорлыққа, нәзіктікке және жылулыққа толы болмақ. Егер жалғызбасты болсаңыз, бұл жаңа қарым-қатынас бастауға жақсы уақыт. Егер некеде болсаңыз, серігіңізге көбірек уақыт бөліңіз. 

Шаян

Бұл Шаяндар үшін жаңа эмоциялар алуға қолайлы кезең. Туғандарыңызбен, достарыңызбен немесе сүйікті адамыңызбен армандаған саяхатыңызға шығуыңыз мүмкін. Ол жақта естен кетпес әсер аласыз және бұл саяхат жақындарыңызбен байланысыңызды қатайтады.