“Мына жерде ертегі айтып тұрсыздар“. Депутат үйдегі интернет сапасын сынап, министрге шүйлікті

Телекоммуникация нарығын дамыту жөніндегі түзетулерді талқылау барысында Мәжіліс депутаты Марат Башимов үйдегі интернет сапасын сынады. Ол бұл салада тұтынушылардың құқығы бұзылып жатқанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін депутаттар "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне телекоммуникациялар нарығын және деректерді өңдеу орталықтарын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын бірінші оқылымда қарап жатыр.

"Бұл салада азаматтардың конституциялық құқығы, тұтынушылардың құқығы жаппай бұзылып жатқанын бәрі біледі. Мен жолдың арғы бетінде тұрамын, тіпті үлкен жазба жарияладым. Онда бәрі "үйдегі интернет жұмыс істемейді" деп жазып жатыр. Мына жерде бізге ертегі айтып тұрсыздар ...Халықты нарыққа кім келетіні қызықтырмайды. Олар қызмет үшін ақы төлейді. Мен 15 000 төлеймін, сапалы интернет алғым келеді" - деді депутат премьер-министрдің орынбасары - жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевке.

Жаслан Мәдиев бұл мәселе бақылауға алынатынын айтты.

"Интернетке қатысты мәселелер туындаса, қашан да хабарласуға болады. Мемлекеттік орган мұны бақылауға алады", - деді шенеунік.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!