Мына жаңажылдық әндерді көлікте тыңдау қауіпті болып шықты

Оңтүстік Қытай технологиялық университетінің ғалымдары әннің көлік жүргізуге қалай әсер ететінін зерттеді. Зерттеушілер соққысы минутына 120-дан жоғары әуендер агрессияны тудыруы немесе зейінді төмендетуі мүмкін екенін анықтады. Осындай қарқыны жылдам әндердің арасында жаңажылдық музыка да бар, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі New York Post-қа сілтеме жасап.

Жүргізушілер үшін ең қауіпті жаңажылдық ән Frosty The Snowman деп танылды, оның ырғағы минутына 172 соққыға жетеді. Содан кейін Мэрайя Кэридің әйгілі хиті - "All I Want For Christmas Is You", әнде минутына 150 соққы. Сондай-ақ тізімге Хосе Фелисианоның "Feliz Navidad" және "Santa Claus Is Comin" to Town" кірді.

Жігерлі музыка эмоционалды күйге әсер етуі, жүрек соғуын тездетуі және жолға назар аударуды нашарлатуы мүмкін, бұл жол апатының ықтималдығын арттырады.

Сондықтан жүргізушілер ырғағы минутына 120 соққыдан төмен әндерге артықшылық беруі керек. Мамандар жолға назар аудару үшін арасында ән тыңдауды тоқтатуды ұсынады.

Көлік жүргізу кезінде әннің дауысы да көлік жүргізу қауіпсіздігінде маңызды рөл атқарады. Жүргізілген зерттеу нәтижесіне сәйкес, әнді қатты дауыста тыңдау жүргізушінің клаксон, сирена немесе басқа көліктердің шуы сияқты сыртқы сигналдарға реакциясын бәсеңдетуі мүмкін. Себебі тым қатты музыка есту жүйесін шамадан тыс жүктейді, қоршаған дыбыстарды қабылдау қабілетін төмендетеді және назарды жолдан алшақтатады.

Сарапшылар дыбыс деңгейін жүргізуші көліктен тыс жерде не болып жатқанын анық ести алатындай деңгейде ұстауды ұсынады, бұл әсіресе тығыз қозғалыс жағдайында немесе бейтаныс жолдарда маңызды.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!