Қызыл балық қосылған суши - бұл жүйке жүйесіне пайдалы әсер ететін және иммунитетті нығайтуға ықпал ететін танымал жапон тағамы. Оның пайдасы туралы диетолог Мариана Джутова айтып берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Лента.руға" сілтеме жасап.
Маман сапалы шикізаттан дайындалған сушиді пайдалы тағамға теңеді, өйткені олардың құрамына майлы балық, күріш және нори теңіз балдырлары кіреді. Ақсерке (лосось), бақтақ (форель), тунец және басқа балықтарда ақуызға, фосфорға, натрийге, мырышқа, селенге, А, Е, D дәрумендеріне және В тобына бай пайдалы май қышқылдары бар.
Нори - қалқанша безінің саулығы үшін қажет йод көзі, ал суши термиялық өңдеуден өтпейтіндіктен, балдырлар максималды пайдасын сақтайды. Дәрігердің айтуынша, күріш асқазан-ішек аурулары бар адамдар үшін пайдалы, оны көбінесе емдік диетаға қосады.
Сонымен қатар, бұл жарма ағзаны ас қорытуды қалыпқа келтіретін талшықпен қанықтырады.
Мариана Джутова сушидің кейбір түрлеріне қосылатын авокадоның пайдасын ерекше атап өтті. Оның құрамында А, Е, В, К дәрумендері, калий, фолий қышқылы бар, олар жүйке жүйесінің саулығына, мидың жұмысына және күшті иммунитетке қажет.
Тағы да оқи отырыңыздар: І әрпінен басталатын есімдер
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!