Көпшілігіміз қалқанша безіне қатысты ауруларды шаршау, асқазан-ішек жолдары, тері проблемалары және тіпті суық тиюмен шатастырып аламыз. Дегенмен ағзаңыздағы кей белгілер сіздің эндокринолог көмегіне жүгінуіңіздің қажет екенін ескертеді. Massaget.kz тілшісі тізді.
Қалқанша безі – сыртқы түрі көбелекке ұқсайтын кішкентай, симметриялы орган. Қалыпты жағдайда қалқанша безінің массасы 20-дан 65 грамға дейін, ал жарты бөлігінің мөлшері жыныс пен жас ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. Жасөспірімдерде ол жоғарылап бастайды, өйткені денеде гормоналды өзгерістер орын алады, ал егде жастағы адамдарда, керісінше, азаяды.
Қалқанша без – денсаулықтың қалқаны
Біздің физикалық және психикалық денсаулығымыз қалқанша безінің жағдайына тікелей байланысты. Тері, ішек проблемалары, тұрақты шаршау және апатия – мұның бәрі эндокринологқа барудың кезі келгенін көрсетуі мүмкін.
"Қалқанша безі денедегі энергияның катализаторы. Мәселен, жыныстық гормондарсыз жүру жаман десе, олай өмір сүруге болады, бірақ қалқанша безінің гормондарынсыз күн кешу мүмкін емес", - дейді гинеколог Екатерина Волкова.
Қалқанша безінде мәселесі бар адам өзін қалай сезінеді?
- Үнемі шаршаңқы жүру, мазасыздық. Тіпті адам түнгі толық ұйқыдан кейін де шаршаңқы кейіпте оянады. Шындығында, гипотиреоз кезінде қанда қалқанша безінің гормондары тым аз айналады. Нәтижесінде, жасушаларда да, бұлшық еттерде де энергия болмайды.
- Тәбеттің жоғарылауы. Сіз кенеттен жиі және әдеттегіден көп тамақтанып жатқаныңызды байқай бастасаңыз, еренсіз болмаңыз. Гипотиреозда аштық пен қанықтыру гормондары лептин мен грелин бір-бірімен шатасып, бұл адамның бойында жиі аштық сезімін туындатады. Оның үстіне, жасушалардың тамақтан қуат алуы қиын, сондықтан қарапайым көмірсулар қажет - тәтті және майлы нәрсені қажет етіп тұрасыз.
- Айтарлықтай себепсіз апатияның тууы. Өмірде бәрі жақсы сияқты көрінгенмен, үнемі көңіл күйдің жоқтығы сезіледі. Бұл күйді күзгі хандрамен шатастырмаңыз. Себебі бұл қалқанша безінің гормондарының, нақтырақ айтқанда, нейротрансмиттерлер мен бақыт гормондарының азаюының көрсеткіші.
- Либидо төмендейді. Біздің жыныстық қалауымыз гормондарға тікелей байланысты. Егер қандай да бір өзгеріс байқалса, сіздің интимдік өміріңізде проблемалар басталады.
- Циклдің бұзылуы. Етеккір алдындағы синдром сізді алаңдата бастаса, гипотиреоз жиі овуляция проблемаларын тудырады. Бұл циклдің ұзаруына немесе қысқаруына, етеккір алдында немесе кезінде жағымсыз белгілерге әкеледі.
- Ішектердің нашар жұмыс істей бастауы. Гипотиреоз ас қорыту процесін баяулатады және іш қатуды тудырады.
- Есте сақтау мәселесі пайда болуы. Когнитивті функцияға гормондар да тікелей әсер етуі мүмкін.
- Үнемі жаурап жүру. Қалқанша безі ауырған кезде метаболизм баяулайды, сондықтан сіз жиі қалтырауды сезінесіз және тіпті жылы бөлмеде де қабат-қабат киіммен отыруыңыз мүмкін.
- Мұрынның жиі бітелуі. Гипотиреоз туындаса, сізді вирустық себепсіз мұрын бітелуі де жиі мазалауы мүмкін.
Ағзадағы өзгерістермен қоса сыртқы келбетіңізде де көзге көрінетін белгілер байқалады. Мәселен, шашыңыздың жиі түсуі және жұқаруы, теріңіздің өңі түсіп, күңгірттеніп бастауы да бекер емес болуы мүмкін.
Сондай-ақ дене мүшелеріңіздің ісінуі де қалқанша безіңізде мәселе барын ескертеді. Себебі ағзадағы су іште қалып қойып, содан ісіктер пайда болады. Еріндеріңіз үлкейіп, теріңіз құрғап, артық салмақ қосқаныңызды аңғарған болсаңыз, бейқам болмай, эндокринолог есігін ертерек қаққаныңыз жөн.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!