- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мына аға ауыртты"....
"Мына аға ауыртты". Астанада ер адам бес жасар қызды зорлаған
Астанада ер адам бес жасар қызды зорлаған. Полиция қылмыстық іс қозғады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"НеМолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрінің сөзінше, қыз әкесімен үйінде қалған, ал анасы жұмысқа кеткен. Үйге қыздың әкесінің танысы келген, әкесі екеуі ішімдік ішкен.
"Бір кезде ер адам қызды зорлаған. Анасы таңғы 6-да келген, ол қызды ер адамның жанынан тапқан. Қыз қорқып кеткен, ол "Анашым, қайда кетіп қалдың? Мына аға ауыртты" деген, - деп жазған Таңсәрі.
Астана қаласы Полиция департаменті баспасөз қызметі өкілі 8 наурызда Есіл ауданының Полиция басқармасы бұл іске қатысты Қылмыстық кодекстің 124-бабы, 1-бөлігі бойынша соталды тергеуді бастағанын мәлімдеді.
"Сараптамалар тағайындалды, нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді полиция.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова