- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мына әдеттер үшін...
Мына әдеттер үшін сізге үнемі ақша жетпейді
Қаржылық тұрғыда өзіңізді жайлы сезінуге жиі төмен жалақы емес, ақшаны дұрыс ұстай алмау кедергі келтіреді. Кейде қарапайым әдеттер ақшаның үнемі жетпеуіне әкеледі.
1. Жеңілдік болғандықтан, бірдеңе сатып алу
Сізге қажет затқа, мысалы, киім немесе техникаға жеңілдік жариялауын күтіп, содан соң оны тиімді бағаға сатып алуға болады. Бұл бюджетіңізді үнемдейді. Ал қандай да бір затты жеңілдікте тұрғандықтан ғана сатып алу дұрыс емес. Әдетте, бұлай алынған зат аса қажет емес болып шығады. Себебі мұндай кезде сіз жеңілдік деген қызыл белгіні көріп, қандай да бір пайданы жіберіп алудан қорқып, дұрыс ойланбай аласыз.
2. Гардеробты жаңарту
Күзге жаңа жемпір керегіне сенімдісіз бе? Гардеробыңызды реттеп, әр киімді қанша рет киетініңізді ойланыңыз. Көп киілмейтін немесе мүлдем киілмеген киім шығатыны анық. Әр үш ай сайын гардеробыңызды реттеп тұру артық ақша құртпауға көмектеседі.
3. Төлемдерді уақытында төлемеу
Мысалы, несиені уақытында төлемесеңіз, оны жоғары пайызбен немесе комиссиясымен төлейсіз. Ал коммуналдық қызметтерді немесе басқа да міндеттерді төлемесеңіз, бір күні қомақты сома беруіңізге тура келеді. Ал ол қалтаңызға қиын соғары анық.
4. Үйден тамақ дайындамау
Заманауи әлем тамақты жеткізумен алдыру, бизнес-ланчтар және өзіңмен бірге кофе алуды сәнді етіп көрсетеді. Алайда бұлар үйден тамақ дайындағаннан гөрі бірнеше есе артық шығындалуыңызға әкеледі. Үйден тамақ пісіріп бастасаңыз, шығындарыңызды бақылай аласыз және дұрыс тамақтанасыз.
5. Импульсивті сауда жасау
Көңіл күйіңіз болмағандықтан өзіңізді жаңа киіммен немесе аксессуармен қуанту үшін сауда үйіне барасыз ба? Мұндай шығындар жиі бюджетіңізге айтарлықтай әсер етеді. Егер көңіл күйіңіз түссе, серуендеңіз, йога жасаңыз немесе достарыңызға қоңырау шалыңыз. Импульсивті түрде бірдеңе сатып алсаңыз, әдетте ол қажет емес зат болып шығады.
6. Несие алу
Қазір басында несиесі жоқ адам өте аз. Алайда пайызбен несие төлеу бюджетіңізге айтарлықтай әсер етеді. Сізге қажет заттың ақшасын есептеп, оны сол ақшаны жинап барып, сатып алған дұрыс. Оған қоса, несие алу сізге ақша келуін бұғаттайды. Себебі санаңыз қажетті затты алып тынышталады да, оған ақша тапқысы келмейді. Ол сатып алынды, енді жұмыс жасаудың не қажеті бар? Ал басқаларға қарыз беру – ми үшін мотивация емес.
7. Үнемі кешігіп жүру
Кей адамдар үнемі кешігіп жүреді: 10 минут жата тұрамын деп, ұйықтап қалады да, тұра сала асығып, қалай-солай жиналып, амал жоқ такси шақырады. Ал көлігі бар адамдар асығамын деп, жол ережесін бұзып, айыппұл төлейді. Сізге білінбеуі мүмкін, бірақ мұның бәрі бюджетіңізге әсер етеді.
8. Денсаулыққа немқұрайлы қарау
Қарапайым мысал: тісжегіге мән бермейсіз. Бір күні ол қатты ауырып, асқынып, оны емдеу үшін көп ақша төлейсіз. Тіс ауруларын алдын алу үшін тіс дәрігеріне 6 айда бір рет қаралып тұру керек. Консультация алу қымбат тұрмайды. Сондай-ақ асқынбаған тісті емдету арзанға шығады.
Оқи отырыңыз: Ақшаны қалай үнемдеуге болады? 10 кеңес
А. Жапатова