Жүрек-қан тамырлары ауруларының белгілерін назардан тыс қалдыруға болмайды. Әдетте белгі байқала бермейді, ал бұл ауруды анықтауды қиындатуы мүмкін. Британдық аға жүрек медбикесі Синди Джодар жүректің жасырын ауруларын ескертетін белгілерді атады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Daily Record-қа сілтеме жасап.
Әлсіздік, шаршау. Егер сіз күнде ұйқыдан енді оянсаңыз да шаршап тұрсаңыз, бұл дабыл қоңырауы болуы мүмкін.
Дененің әртүрлі бөлігіндегі ауырсыну. Әсіресе жақ, мойын, арқа немесе асқазан аймақтарының ауыруы.
Ісіну. Тобық, табан немесе ішіңіз үніемі ісіп жүрсе, бұл жүрек жеткіліксіздігінің белгілері болуы мүмкін.
Жүрек айнуы және тұншығу сезімі. Жүрек айну сезімі кеудедегі қатты ауырсыну сияқты басқа белгімен бірге жүреді.
Естен тану. Кенеттен есін жоғалту - бұл ағзада бірдеңе дұрыс емес екенінің сенімді белгісі.
Ентігу. Ешқандай жұмыс істемей, тыныштықта отырғаныңызға қарамастан ентігетін болсаңыз, сонымен қатар кеудеңіз аздап бүріп ауыратын болса, бұл жүрегіңіздің ауыратынының белгісі.
Үнемі терлеп жүру. Егер сіз физикалық жүктеме болмай-ақ терлейтін болсаңыз, дәрігер кеңесін алуыңыз қажет.
Жүрек соғысы қарқынының бұзылуы. Жүрек соғысы үзіліссіз не тым жылдам болса, бұл алаңдатарлық белгі.
Айта кетейік, бұған дейін әйелдер қандай жүрек ауруларына жиі шалдығатыны туралы хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Кино тарихындағы ең қымбат фильм қандай?
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!