- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мьянмада толассыз жауыннан...
Мьянмада толассыз жауыннан бес адам көз жұмды
Қатты ыстық салдарынан Пиреней тауларындағы ең ірі Ането мұздығының еруі үдей түсті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.
Пиреней экология институтының мамандарының зерттеуіне сәйкес, 1981 жылдан бері оның ауданы үш есе қысқарған. Мұздың қалыңдығы 30 метрге азайды. Әсіресе 2021 мен 2022 жылдары көп еріген.
Егер осылай жалғаса берсе, ғалымдардың сөзінше, 10 жылдан кейін Ането мұздығы жойылып кетеді.
"Ането мен Пиреней тауларындағы барлық мұздықтардың еруі соңғы кезде үдей түсті. 2022 жылы мұздықтың қалыңдығы 3 метрге азайды, бұл ең жоғары көрсеткіш. Әдетте бір метрі еритін", - дейді Экология институтының зерттеушісі Начо Лопес.
Мьянмада толастамаған жауынның салдарынан су тасып, лай көшкіні жүрген. Табиғи апаттан 5 адам опат болды. 40 мыңнан аса тұрғынды қауіпсіз жерге көшірді. Билік оларды уақытша баспаналарға орналастырып, қажетті көмек көрсетіп отыр. Айта кеткен жөн Мьянмада маусымдап жауатын муссон жаңбыры кезінде өзендер арнасынан шығып су тасқыны жиі болып тұрады.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина