Танымал әнші Мөлдір Әуелбекова Instagram-парақшасында кейінгі кезде музыка туралы көп ойланып жүргенін, оның харам немесе халал екенін білмей жүргенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Әнші оқырмандарынан көмек сұрап, пікірлерін жазуын өтінген.
"Адам баласы иманы күшейген сайын, ақыретін көбірек ойлап, сол тарапта көбірек амал жасауға тырысады. Соңғы кезде мені қатты толғандыратын мәселе: музыка - арам (харам) әлде, адал (халал)? Әсіресе, "қыз баланың дауысы әуретке жатады" дегенді де оқып, естуім бар... Мүмкін сол үшін де, қыз баласына дауыстап Құран, намаз оқуға рұқсат жоқ... Әнім харам болған жағдайда, Алла берген мына дауысты қайтейін??? Осы мәселе бойынша ойларыңызды бөліссеңіздер? Мүмкін, Құран аятын мысалға келтіретіндеріңіз бар шығар, жазып өтіңіздер. Маған көмектеріңіз керек!" - деп жазған әнші Желіде.
Желі қолданушыларының бір бөлігі сахнаға Мөлдір керек екенін айтса, енді бір бөлігі өздері білетін кеңестерін бөліскен.
"Сахнадан кетпеңізші, сіз сияқты дарындар керек сахнаға", "Мөлдір ханым, иманыңызды уайымдау өте жақсы. Дегенмен шариғат пәтуасын дін мамандарынан сұраған жөн. Халық біліп, білмей айта береді ғой", "Тек әйел адамға емес, жалпы музыка Исламда харам ғой", " Мөлдір, бұл жайында білімді имамдардан сұрағаныңыз дұрыс, қазір әркім әртүрлі кеңес айтады", - дейді пікір білдіргендер.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!