- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұзға түскен. Екібастұзда...
Мұзға түскен. Екібастұзда екі балықшы өлі табылды
Екібастұзда екі балықшы суға батып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews сайтына сілтеме жасап.
Павлодар облысы жедел құтқару жасағы мәліметінше, 12 сәуірде сағат 17:15-те Екібастұз қаласының 112 пультіне Қ.Сәтбаев атындағы арнаның тоғызыншы сорғы станциясында 1953 және 1950 жылы туған екі балықшы мұз астына түсіп кеткені туралы хабарлама түскен.
"Оқиға орнына төрт сүңгуір-құтқарушыдан тұратын Екібастұз қаласы құтқару бөлімшесінің кезекші ауысымы аттанды. Құтқарушылар сағат 19.30-да сүңгуір құралдарын пайдаланып, жағалаудан 40 метр қашықта екі балықшының біреуінің денесін шығарды. Сағат 19:52-де жағалаудан 70 метр қашықта екіншісінің денесі шығарылды", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова