- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұздалған балықты целлофанға...
Мұздалған балықты целлофанға салып сақтауға бола ма?
Балық - қыңыр өнім, ол дұрыс сақталмаса, оңай бұзылады. Мысалы, балғын балықты дұрыс қаптамада сақтау керек, әйтпесе ол жеуге жарамсыз болып қалады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "aif.ru" сілтеме жасап.
Балықты целлофанға салып сақтауға бола ма?
Балықты пакет немесе үлдірге (пленка) салып сақтауға болмайды, өйткені оның ішінде таза ауа болмай, балық "тұншығып", жағымсыз иіс шығара бастайды. Балықты тек мұздатқышқа салардың алдында целлофанға салу қажет.
Балықты қалай дұрыс сақтау керек?
Біріншіден, оны әзірлеуге дайындау керек. Яғни, қаңқаны басынан ажырату керек, себебі баста жылдам бұзылатын желбезектер бар. Содан кейін ішектерін алып тастау қажет, балықты сумен мұқият шайып, барлық артық ылғалды кептіру маңызды.
Балықтың бүкіл қаңқасы тоңазытқышта 0...-2 температурада екі күн сақталады. Балықтың қабыршағына дейін алып тастап, оны кесіп жылтыр қағазға орап сақтайтын болсаңыз, үш күнге дейін сақталады. Мұздатқышта балық 6 айға дейін жеуге жарамды, ал бөлме температурасында 3 сағатқа дейін.
Әдетте тоңазытқышта ауа температурасы +4...+6 болатындықтан, балықты тек бір күн сақтауға болады.
"Шикі балықты тоңазытқышта 1-2 күн сақтауға болады, ал балықтан дайындалған тағамдарды бір күн ішінде жеу керек, әйтпесе уланып қалуыңыз мұмкін", - дейді терапевт Татьяна Тарадеева.
Егер балық салқындатылған болса, оны мұз контейнерінде сақтау керек. Ең бастысы, мұз ерімеуі шарт, әйтпесе балық тез бұзылады. Яғни, тоңазытқышта -1 болуы керек.
Мұзды пайдалану балықты 3 күн бойы балғын ұстауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін балық жеудің қандай қаупі бар екені хабарланған болатын.
Тағы да оқи отырыңыздар: Алқабилер қалай таңдалады?
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Б. Жұмаділлә