Танымал әнші Әбдіжаппар Әлқожа өзін "той әншісі" деп бөлгендерге жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Хабар" арнасының "Бес жұлдыз" шоу-бағдарламасында дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаева Әбдіжаппар Әлқожаның көрсеткен өнеріне қатысты пікір білдірген.
"Халықтың ығына қашанғы көне береміз? Біз халықтың руханиятын тәрбиелейтін, оған жұмыс істейтін кәсіби маманбыз. Бірақ, біз әлі күнге дейін тойға және оған келетін халықтың көңіл-күйі үшін қызмет етеміз. Мейлі, бірақ олардың көзін ашатын бізбіз. Соған әрбір қадам, әрбір шәкірт, әрбір әуенмен атсалысу керек деп ойлаймын. Сондықтан руханияттың деңгейін көтеруге жүмыс істейікші", - деді Ақмарал Ноғайбаева "Бес жұлдыз" бағдарламасында.
Бұған танымал әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жауап беріп, жазба жариялады.
"Қашанғы халықтың ығына қарап жұмыс жасаймыз? Деді!
Бұл "Эстрада" театр емес, концерватория емес.
Біз халықтың ығына жұмыс жасаймыз, халық тойына шақырса барамыз ,халық "концерт бер" десе береміз.
Сол үшін біз "Эстрада" әншісіміз.
Мен Ақмарал Ноғайбаева әпкеме әңгіме айта алмаймын.
Керісінше ауыр айтып қойсам кешірім сұраймын.
Әр өнер адамының өзіндік пікірі бар.
Айта алуға хақылы қылып осы "Бес жұлдыз" бағдарламасын Мейрамбек Бесбаев ағамыз ашқан.
Менің ол жерде айтқым келіп барымды салған себебім.
Той әншісі деп бөлді және Роза әпкемді де той әншісі деп жоқ адамды араға қосты. Бауырым мен әпкем үшін тұрмасам, несіне жігітпін. Ақмарал әпкеден де басқа жандар той әншісі анау мынау деп арманын @bars_qaba екеумізге айтты.
Ол жерлерін эфирден қырқып тастапты.
Иә, мен той әншісімін!!!
Қазақ эстрадасы түгел той әншісі.
Музарт тойға шықпайды ма? Тоқтар, Саят, Досымжан, Жігіттер, Қайрат ағалар тойға шықпайды ма?
Керек десеңіз дәстүрлі әншінің, филармония әншілерінің талайын көрдік эстрадалық әндерге дауыс жазып алып тойда тіршілік жасап жүргенін.
Ал бағдарламаға келгенде РУХАНИЯТ жайлы болып қалады бәрінің әңгімесі.
Тойсыз елмен қауышып жұлдыз болу, тура осы қазақша әндер орындайтын адамдарға мүмкім емес нәрсе деп ойлаймын. Айтарым көп негізі!
Бірақ тоқтай білейін", - деп жазды ол.
Айта кетейік, бұған дейін "Әпкемнің арқасы". Әнші Әбдіжаппар Әлқожа өнерге қалай аяқ басқанын айтқаны хабарланған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз