- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұз қосылған сусындар...
Мұз қосылған сусындар зиян ба?
Ыстық күнде мұз қосылған салқын сусынға көпшілік әуес. Алайда мұз лас судан жасалған болса, қауіпті болуы мүмкін. Ондай мұзда ішек таяқшасы мен тырысқақ болуы да мүмкін. Ал мұздату процесі бактерияларды жоймайды, сондықтан мұз еріген кезде зиян микроорганизмдер қайта "тіріледі", - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл жағдай шетелдегі демалыс кезінде болса, тіпті қауіпті. Кейбір елдерде ағын су лас болуы мүмкін. Сондықтан мұз неден жасалғанын қадағалау керек, ең дұрысы қайнаған немесе бөтелкедегі суды ішкен дұрыс.
Тағы бір маңызды жайт: мұзды шамадан көп тұтынатын болсаңыз, онда бұл жағдай пагофагия деп те аталады. Пагофагия ауру емес, дегенмен тамақтану бұзылысынан туындаған жағдай.
Сондай-ақ, салқын сусындар мен мұзды тұтыну ас қорыту жүйесінің бұзылуына және асқазан-ішек ауруларының дамуына әкеп соғуы мүмкін. Егер мұндай аурулар бұрыннан болса, онда мұз қосылған сусындар оларды одан сайын күрделендіріп жібереді.
Мұз қосылған сусын ішудің тағы бір салдары - тіс проблемалары. Мұндай сусындар тістің сезімталдығына әсер етеді және тіпті кейбір жағдайларда тіс кіреукесінің бүлінуіне әкеп соғады.
Мұзы бар сусындарды үнемі тұтыну темірдің ағзадан жойылуына да ықпал етеді. Сондықтан мамандар мұз қосылған сусынға көп әуес болмау керек екенін айтады.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова