- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мутацияға ұшыраған, түрленген...
"Мутацияға ұшыраған, түрленген ковид". Роза Әлқожа балалары қалай ауырып қалғанын айтты
Танымал әнші Роза Әлқожа балаларының қандай сыртқатқа шалдыққанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Кеш жарық болсын! Өскеменнен келгелі балалар ауырып, түнімен ұйқы жоқ. Байқағаным - мутацияға ұшыраған түрленген ковид жүр екен барлық жерде. Өйткені қай қалада болса да, диагноз бір. Тамақ іседі, қызуы көтеріледі, іші түйнеп ауырады, құсу, іш өту белгілері бар.
Сонда деймін де, адамнан (адам деуге келсе?!) жауыз тіршілік иесі жоқ екен ғой ғаламда?! Рахмет саған, иммунитет! Қандай ауру болса да жеңіп келеміз, шүкір! Алланың дегенін күтпей, қолдан дімкәс қоғам жасап, құр ділмарсыған ұрпаққа айналдық, ә?!", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.
Желі қолданушылары да дәл осындай ауру белгілерінің жиілеп кеткенін жазып, шағымданып жатыр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Д. Ибраева