• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Мұсылмандарға татуировка салуға бола ма? ҚМДБ үкім шығарды

Мұсылмандарға татуировка салуға бола ма? ҚМДБ үкім шығарды
Фото: depositphotos.com

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының Пәтуа бөлімінің мамандары мұсылмандардың татуировка салдыруына қатысты сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Татуировка - тері астына бояуыштарды ендіру жолымен салынатын адам денесіндегі сурет.

ҚМДБ мәліметінше, ғұламалар татуировканың арам екеніне бірауыздан келіскен.

"Ол - үлкен күнә. Өйткені ол Алланың жаратылысын өзгерту, көзбояушылық, қанның араласуы себепті нәжіс бояумен бояу, денеге зиян беру саналады. АллаТағала Құранда шайтанның былай деп айтқанын келтіреді: "Оларға Алланың жаратылысын өзгертсін деп әмір етемін".
Пайғамбарымыз былай деген: "Алла шаш жалғағанды және жалғаушыларды, денесіне сурет салдырғандарды әрі салып берушілерді лағнеттеді... Өзіне де, өзгеге де зиян беруге болмайды", - делінген хабарламада.

Сондықтан денеге сурет салуға тыйым салынады. Тәуба етіп, мүмкіндігі болса оны кетіруге тиіс. Егер татуировканы кетіру денеге зиян тигізіп жатса, онда оны сол күйінде қалдырады. Онымен (кетіре алмаған жағдайда) оқыған намазы да, имамдығы да дұрыс саналады.

Шешім:

Денеге татуировка салу - арам, үлкен күнә.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Б. Жұмаділлә
Logotype Massaget