- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мусиннің орынбасары Токиодағы...
Мусиннің орынбасары Токиодағы интернет Қазақстанға қарағанда жақсы екеніне келісті
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек Жапониядағы интернет Қазақстанға қарағанда жақсы екенін айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Мәжіліс кулуарында журналистер вице-министрден Жапония да Алматы секілді сейсмикалық қауіпті аймақта болса да алдын ала ескерту жүйесі неліктен озық екенін сұрады.
"Жалпы Жапонияда бәрі жақсы ғой", - дейді вице-министр.
Журналистер мұны Асхат Оразбек бұған дейін министр Бағдат Мусин айтқан пікірге қарсы ой айтты деп түсінген.
"Мен министріме (Мусинге-еск.) қарсы ой айтып тұрған жоқпын. Министр Астанада Токиоға қарағанда интернет жақсы деп айтқан болатын: себебі компанияның есебі бар. Ол есеп ай сайын жүргізіледі. Нақты сол айда, 5G енді пайда бола бастаған кезде компания Астанада Токиоға қарағанда интернет жақсы екенін жеткізген болатын", - дейді Асхат Оразбек.
Еске салайық, былтыр 25 шілдеде цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин қазақстандықтарды интернетті үнемдеуге шақырған болатын.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина