- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мусиннің орнына кім...
Мусиннің орнына кім тағайындалғаны белгілі болды
Бағдат Мусиннің орнына цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына кім тағайындалғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Жаслан Мәдиев 1983 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Колумбия университетін, Массачусетс технологиялық институтын тәмамдаған.
Еңбек жолын 2004 жылы "Альянс Банк" АҚ Халықаралық қатынастар департаментінің Халықаралық қаржы институттарымен жұмыс басқармасының маманы болып бастаған.
2007-2008 жылдары - "Қазына" тұрақты даму қоры" АҚ корпоративтік қаржыландыру департаментінің бас менеджері.
2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің стратегиялық талдау және зерттеулер орталығында, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-да жұмыс істеді.
2009-2010 жылдары KAZYNA CAPITAL MANAGEMENT АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2010-2014 жылдары "Қазақстанның даму банкі" АҚ басқарушы директоры-мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары.
2014-2015 жылдары ҚР Ұлттық банкінің құрылымында басшылық лауазымдарды атқарды.
2017-2018 жылдары "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ вице-президентінің міндетін атқарушы, қаржы жөніндегі вице-президенті.
2018 жылы "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" АҚ қаржы жөніндегі басқарма төрағасы болып тағайындалды.
2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі.
2020 жылғы қазаннан бастап Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары қызметін атқарды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова