Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Президент Тоқаевтың тапсырмаларына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Бүгін мемлекет басшысы салалар мен аймақтарды одан әрі цифрландыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді. Цифрландыру, логистикалық саланы дамыту, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығындағы жағдайды бақылау, инвестициялық жобаларға мониторинг жасауға арналған цифрлық платформа арқылы салықтық әкімшілендіруді дәлірек және тиімдірек ету - бұлар тез арада жүзеге асырылуы тиіс міндеттердің бір бөлігі ғана", - деп жазды министр.
Мусиннің сөзінше, әрбір сала үшін тиімділікті арттыруға назар аудара отырып және технологияны қолдану арқылы сол немесе басқа саланың жақын болашақта қалай өзгеретінін болжайтын цифрлық трансформация картасы жасалады.
"Президент цифрландыру сыбайлас жемқорлықпен күресте тиімді тетік екенін нақты атап өтті. Әріптестерімізбен бірге біз ашықтықты арттыру үшін жобалар мен қазіргі процестерге өзгертулер ұсынамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жасанды интеллекті қолдану әлеуметтік саладан (денсаулық сақтау, білім беру) логистикалық салаға (энергетика) дейінгі барлық саладағы мәселелерді шешуге көмектесуі керек. Бірақ бұл инновацияны дамыту үшін біздің елде президенттің тапсырмасы бойынша барлық сала бойынша деректер жинақталады", - деді ол.
Ведомство басшысы сондай-ақ барлық AI энтузиаст-мамандарына қолжетімді суперкомпьютер жасау үшін өршіл жоба жүзеге асырылады.
"Әрине, біз Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп бұл салада кадр даярлау жұмыстарын күшейтуге міндеттіміз. Оның монополия көрініс табатын барлық саланы ырықтандыру бойынша берген тапсырмасының маңызы зор. Бұл ұялы байланыс операторлары саласына тікелей байланысты. Олар тек монополиядан арылу және ырықтандыруға бағытталған жүйелі қадамдар арқылы ғана сапаны жақсартуға және әділ тарифті белгілеуге әсер ете алады. Біз байланыс саласындағы бәсекелестікті арттыруға бағытталған заң жобасын депутаттармен бірлесіп дайындап, осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз", - деді Мусин.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!