- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мусин Қазақстандағы телефон...
Мусин Қазақстандағы телефон кодының өзгеру себебін айтты
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Қазақстанда телефон кодының өзгеруі әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты емесін мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Ешкім ештеңе алмайды, өз ұстанымымды бірнеше рет айттым. +7 кодын бірнеше елмен бөлісеміз. Қазақстанның өз коды болуы керек деген ұсыныс тастадым. Бұл ешқандай геосаяси жағдайға байланысты емес, бұл министрлікке алғаш келген кездегі, 2020 жылғы ұстанымым болды. Содан кейін +7 аймағында екеніміз белгілі болды. Сондықтан халықаралық телекоммуникация одағы бізге жеке, яғни қазақстандық код беруіне бастамашы болдым. Ол берілді, белгілі бір жұмыстар жүргіздік және жыл соңына дейін анық-қанығы жарияланады", - деді министр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова