- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мусин интернет операторларына...
Мусин интернет операторларына 4 млрд теңге айыппұл салуға уәде берді
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин интернет операторларына жыл соңына дейін 4 млрд теңге айыппұл салуға уәде берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шенеуніктің пайымынша, айыппұлдардың көлемі аз болса, операторлар одан қорықпайды, яғни интернеттің сапасына мән бермейді.
"Мәселен, 2020 жылы біз 100 млн теңгеге дейін ғана айыппұл жазып бергенбіз операторларға. Ал биылғы жарты жылдың өзінде 1,5 млрд теңгенің айыппұлын салып үлгердік. Жыл аяғына дейін тағы 4 млрд теңгедей айыппұл саламыз, мен осыған уәде беремін. Бұл – олардың қалтасына айтарлықтай салмақ. Сондықтан олар ойланып, белгілі бір нақты шаралар ұсына бастады", - деді министр.
Ол "ведомство айыппұлды көтерген соң операторлар да тарифті көтерді" деген түсініктің қисынға келмейтінін екенін алға тартты.
"Тарифті біржақты тәртіппен көтеру мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Мәселе инвестицияның бар-жоғында. Айыппұлды көтеріп едік, олар сапаны көтеру керектігін түсінді", - деп атап өтті Бағдат Мусин.
Азамат Қойшығара
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Д. Шәріпхан