Өмір бойы мұрындағы бір шаш фолликуласынан шамамен 2 метр шаш өседі. Мұрындағы түк біздің ағзамыздың қорғаныс жүйесінің маңызды бөлігі. Олар шаң-тозаң және аллергендердің өкпеге енуіне жол бермейтін сүзгі қызметін атқарады. Сондықтан мұрындағы түкті жұлу жағымсыз салдарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Көбекірген шаш. Әдетте, көбекірген шаш қатты төмпешіктің (папула), пустуланың пайда болуына, тітіркенуге, ауырсынуға, қышуға әкеп соқтырады.
Демікпе қаупінің жоғарылауы. Мұрын шаштары шаң мен аллергендердің мұрын қуысына енуіне жол бермейді. Түктің бәрін жұлып тастау бөлшектердің мұрын арқылы өкпеге өтуіне мүмкіндік береді. Кейбір адамдар үшін бұл астма қаупін арттыруы мүмкін.
Мұрын вестибулиті - мұрын вестибуласына әсер ететін бактериялық ауру. Көбінесе ол стафилококк инфекциясы салдарынан дамиды. Кез келген жеңіл жарақат, соның ішінде мұрыннан түкті жұлу немесе мұрынды тесу босы салдарға әкеп соқтыруы мүмкін.
Мұрын сыздауығы - мұрындағы шаш фолликуласының терең инфекциясы. Иммун тапшылығы бар адамдарда жиі кездеседі. Сирек жағдайларда, егер инфекция миға апаратын қан тамырларына түссе, мұрын сыздауығы ауыр асқынуларға әкеп соқтыруы ықтимал.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз