- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мұртын айтсаңшы". Мейрамбек...
"Мұртын айтсаңшы". Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің Желіде жоқ суреті жарияланды
Желіде әнші Мейрамбек Бесбаев пен Тоқтар Серіковтің 18 жасындағы суреті жарияланды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Суретті дәстүрлі әнші, термеші Айгүл Елшібаева Instagram-парақшасында жүктеді. Ол суреттің тарихын баяндап берген.
"Күзде туған Тоқтар мен Мейрамбектің 18 жас деп, жасаған туған күндерінен естелік. 1994 жыл. Алматы қаласы. Тоқа жасарғысы келді ма, 19-ға толса да, жоғарыға 18 жас деп жазылғаны әлі күнге дейін жұмбақ күйінде қалды", - дейді әнші.
Фото: instagram.com/aigulyelshibayeva01
Әншінің оқырмандары түрлі пікір жазған.
"Студенттердің дастарханы керемет. Бай студент болғансыздар-ау?", "Тамаша естелік екен", "Естеліктер керемет, шіркін жастық шақ қайта оралмас. Юпи мен зуконы 2 литр суға езіп ішіп таңдайымыз кеберсіп қалатын", "Кездер-ай! Жігіттерде баламұрт, қыздардың шашы қолдан бұйраланған. Столдың үстінде түрлі түсті ұнтақтан жасалған сусындар...", "Тоқа мен Меканың мұртын айтсаңшы", - дейді Желі қолданушылары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина