- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Мұрат Нұртілеу Президент...
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы болып қайта тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Президент Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада.
Мұрат Нұртілеу бұл қызметке 2022 жылғы ақпанда тағайындалған еді.
Мұрат Нұртілеу 1976 жылы Алматыда дүниеге келген.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген (1998).
1998-2007 жылдары - ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2007-2011 жылдары - ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы;
2011-2014 жылдары. - ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2014-2016 жылдары - ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды;
2016-2019 жылдары - Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және оған қоса Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды;
2019-2021 жылдары - ҚР Президентінің көмекшісі;
2021-2022 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек