Мұрат Нұртілеу қызметінен босатылды

Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - деп жазылған хабарламада.

Еске салайық, биыл 4 қыркүйекте СІМ басшысы ұсталғаны туралы ақпарат тарап кетті. Алайда бұл жалған ақпарат болып шықты.

Кейінірек Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы осы жайтқа қатысты пікір білдірді. 

Айта кетейік, Мұрат Нұртілеу 2023 жылғы 3 сәуірден бастап премьер-министрдің орынбасары - сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!