"Мұны тек қазақстандықтар түсінеді". Әуежайда қазыға бола жылаған қыз жұртты сүйсіндірді

"Мұны тек қазақстандықтар түсінеді". Әуежайда қазыға бола жылаған қыз жұртты сүйсіндірді
Фото: видео кадры/@heartluchik

Желіде Амстердам әуежайында сөмкесінен қазысын алып қойған қазақстандық қыздың жылаған видеосы тарады. Оған пікір қалдырған қолданушылар қыздың жағдайын түсінетінін айтып, қолдау көрсеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Tik-Tok әлеуметтік желісінде қазақстандық қыздың (@heartluchik) видеосы тарады. Видео бір күнде 114,4 мыңнан аса қаралым жинаған. Пікір қалдырғандар да көп, мыңнан асады.

Кадрларға қарағанда, Амстердам әуежайындағы тексеріс кезінде қыздың сөмкесінен қызысын алып қойған.

"Менен бүкіл қазымды алып қойды. Анам оны екі күн қайнатып, дайындаған еді. Қандай өкінішті. Бір қазыны да өткізуге рұқсат бермеді", - деп жылайды қыз.

@heartluchik

ещё плачу как детсадовец?

♬ original sound - Стаська Мордаська

Бір қызығы видеоға пікір қалдырғандар қыздың қылығына сүйсініп, жағдайын түсінетінін айтып, оған қолдау білдірген. 

"Мен де жылайтын едім... Анасы қанша еңбектенді ғой".

"Мен сол жерде жеп алатын едім".

"Сенің мұңыңды түсінемін, бекем бол".

"Менің де жылағым келіп кетті".

"Мұны тек қазақстандықтар түсінеді".

"Анасы еңбектенді ғой. Ол қазыға бола жылап тұрған жоқ. Анасының еңбегі мен уақытын аяп тұр. Жылама".

"Қалай жылап тұрғанын қарашы, сондай сүйкімді", - дейді пікір қалдырғандар.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Д. Шәріпхан