- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мұны 20 жыл...
"Мұны 20 жыл бойы күттім ғой". Бельгиялықтар асырап алған баланың анасы болуы мүмкін әйелдің ДНҚ нәтижесі шықты
Әлеуметтік желіде бельгиялық отбасы асырап алған 21 жастағы Эдди Жан Қазақстандағы туған ата-анасын іздейтіні туралы ақпарат тараған еді. Оған дүниеге келгенде Жәнібек деген есім де берілген екен. Бельгиялық отбасы асырап алған қазақтың баласы, 21 жастағы Эдди Жан ДНҚ нәтижесін күтіп жүргенін айтқан еді. "Бармысың, бауырым?" бағдарламасында болжамды аналардың бірінің ДНҚ нәтижесі шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
"Біз осыны қолға алғалы көптеген мекемеге ресми хат жолдадық. Олар: Арқалық қаласының перзентханасы, қалалық архив, "Дельфин" балалар үйі, Арқалық балалар үйі, т.б. Бір мекемеден ақпарат табылса, кейбірі құпия деп ақпарат беруден бас тартты. Зерттеу жұмысы барысында бірнеше келіншекті таптық. Бәрінен де ең жақыны деген келіншектен ДНҚ сынама нәтижесін алдық. Ол лабороторияға баруға әрең келісті, сынама нәтижесі алынды", - деді Қымбат Досжан.
Алайда, тест нәтижесі бойынша Жазира Жәнібектің анасы болмай шықты.
"Біз тапқан әйел сол кездегі құжатқа өз аты-жөнін ойдан құрастырып жазып кеткенін мойындады. Осы құжат біраз адамның қолына түскен. ДНҚ сынамасы алынған келіншектің атын айта алмаймыз. Айтпауға уәде бердік. Лақап атын Жазира деп алайық. 2002 жылға дейін Жазираның екі рет жүкті болғаны расталды. Құжат бойынша, 2002 жылғы жүктілігінен Мұрат дүниеге келген. Жүкті әйел Арқалықтыкі емес, басқа өңірден келген. Қолхаттағы қолы мен жазуын тексеріп көрген едік. Еш өзгермеген, тура солай жазады екен. Жәнібекпен кездесуге Жазира бір апта бойы дайындалып жүр. Бірақ, тест нәтижесі бойынша Жазира Жәнібектің анасы болмай шықты. Екінші рет тағы да ДНҚ сараптамасы қан арқылы алынатын болады", - деді ол.
Ол мұны 20 жыл бойы күткенін айтты.
"Мен мұны 20 жыл бойы күттім ғой. Тест нәтижесі оң не теріс шықса да не істейтінімді білмеймін. Тағы да ДНҚ сараптамасын тапсыруға, анамды соңына дейін іздеп табуға дайынмын", - деді Мұрат Жәнібек.
Айта кетейік, бұған дейін журналист Қымбат Досжан баланың анасы болуы мүмкін деген күдік бар үш әйелдің бірі ДНҚ сынамасын тапсырғанын да айтқан еді.
Еске салайық, бұған дейін бельгиялық әйел асырап алған қазақтың баласы анасын іздейтіні хабарланды. Бұл туралы журналист Олжас Беркінбаев әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
А. Жайыққызы