- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мұндай сұмдықты кім...
"Мұндай сұмдықты кім көрген". Тойдағы салт-дәстүр жұрттың жағасын ұстатты
Фото:
видеодан алынған кадр
Тойда орын алған салт-дәстүр жұрттың жағасын ұстатты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл видеоны Azima есімді TikTok қолданушысы өзінің парақшасына жариялады. Кадрда келіннің бетін ашқан әжей, ернімен келініне тәтті кәмпит ұсынғанын, оны келіні аузымен алғанын көруге болады.
@azima3646 #КімНеБіледі? ♬ оригинальный звук - ✨️AZIMA ✨️
Желі қолданушылары бұл жайтқа жаға ұстап, түрлі пікір қалдырды.
"Не дәстүр, не салт мынау?", "О, тәуба мынау қай жердің дәстүрі?", "Екеуміздің тіліміз тәтті болсын дегені шығар", "Келінімен енесінің сүйіскені несі", "Істемейтіндері жоқ", "Бірден сүйісе салмадыңдар ма?", "Ауызбіршілікте, тату болсын дегені", "Мынадай сұмдықты кім көрген", - деп жазды олар.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Е. Ерболұлы