- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- "Мұндай нәрсе болмас...
"Мұндай нәрсе болмас еді ғой". Бишімбаев қайғылы оқиға болған түні не үшін кетіп қалмағанын түсіндірді
Экс-министр Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкеновамен ұрсысқан сәтте не үшін кетіп қалмағанын түсіндірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Прокурор Айжан Аймағанова қайғылы оқиға болған түнгі жанжал туралы сұрады.
"Сіз Салтанат ашуыңызға тигенін айтып қалдыңыз. Онда неліктен Салтанатты қалдырып, неге кетіп қалмадыңыз? Сіз ер адамсыз ғой, сіз мықтырақсыз ғой. Сол мейрамханада өзі түнеп шықса да қалар еді ғой. Үйіңізге кетсеңіз, мұндай нәрсе болмас еді ғой", - дейді прокурор.
Бишімбаев бұл ол үшін қиын сұрақ екенін жеткізді.
"Сол күннен бері "неге солай істемедім екен?" деген сұрақ әлі мазалайды. 9 қарашадан бері бірнеше рет өзіме осы сұрақты қоямын. Тек бір нәрсе айтамын, ол - менің әйелім, мен оны жақсы көремін, жанжалдасып қалдып, кішкене ішіп алған, қалай тастап кетемін мен оны? 6 сағаттай сол жерде болдық. Бірге шыққанымызды көрдіңіздер. Мас күйінде қалай тастап кетемін? Қалай түсіндірерімді де білмеймін. Кейін дәретханада болған жағдай бар, жалаңаш қалғаны бар, қалай тастап кетемін?", - дейді Бишімбаев.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина